Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.03.2023
7 наурыз күні ҚР
ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша
департаменті кезекті виртуалды қоғамдық қабылдауын ұйымдастырды. Коммуналды
қызмет түрлерін тұтынушылар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісі арқылы сауалдарына
жауап алды.
Виртуалды қоғамдық
қабылдауға коммуналды қызмет көрсетуші мекемелердің, қоғамдық және саяси
ұйымдардың өкілдері қатысты, іс-шараның модераторы - монополияларды реттеу департаментінің
басшысы Дархан Қайынбердиевтің өзі болды.
Департамент басшысы
коммуналды қызмет түрлерін ұсынушыларды әлеуметтік желілер арқылы байланысты
күшейтуге, тұтынушыларға түсіндіру және талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге
шақырды. Сондай-ақ тұтынушылар мен мекеменің өзара есеп айырысу барысы ыңғайлы
болу үшін чат-бот жүйесін енгізуді ұсынды. Айта кетейік, "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС абоненттерінің 70%-дан астамы бүгінде Telegram
мессенджерінде виртуалды көмекшіні (чат-ботты) жақсы пайдаланады (сілтемесі:
wrm_bot).
Тікелей эфир
барысында тұтынушылар тарапынан сумен қамту және шайынды су қызметі бойынша есептеулерге
қатысты сұрақ қойылды. Абонентке толымды түрде түсініктеме берілді.
Тағы да ескертеміз,
сұрақтарыңыз болса, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде кәсіпорынның
аккаунттарына жүгінулеріңізге, сондай-ақ Whatsappқа: +77057581111 нөміріне
жазуға болады.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты