Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.03.2023
Қазақстан
Республикасы Су кодексінің нормалары мен қағидаларына және басқа да
нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкес, суды есепке алу құралдарын тексеру
аралық интервалға сәйкес жүргізілуі тиіс. Қызмет көрсетуші "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС тұтынушыға тексеру мерзімі аяқталар алдын 30 күн
бұрын арнайы хабарлама беріп, тексеру жүргізілетінін ескертеді.
Наталья Мельникова
Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС «Халықпен жұмыс
қызметінің» менеджері
"Құрметті
тұтынушылар! "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің бақылаушылары-инспекторлары
тұтынушыларға бір ай ішінде суды есепке алу құралын тексеру қажеттігі туралы
хабарлама береді. Сізден осы хабарламаны елеусіз қалдырмай, аталған қызмет
көрсетуге лицензиясы бар арнайы кәсіпорын-мекемелерге хабарласуыңызды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, егер суды есептеу құралы тексеруден өтпесе, оны
алмастыру қажет".
Егер тұтынушы су
есептегіш құралын тексеру туралы хабарламаны елемесе және көрсетілген 30 күн
ішінде тексертпесе, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 24 маусымда
бекіткен үлгілік шарттың 20-тармағына сәйкес,"тексерудің белгіленген
мерзімі өткеннен кейін есептеу құралы техникалық талаптарға сәйкес келмейді деп
табылып, коммерциялық есептен автоматты түрде алынады", яғни, тұтынушыда су
өлшегіш құралы жоқ деп саналады. Келесі айда тұтынылған қызмет үшін есептеулер
соңғы үш айдағы шығыстың орташа көрсеткішімен жүргізілетін болады, ал ай
аяқталғаннан кейін ауыз су беру тоқтатылады, өйткені үлгілік шарттың
27-тармағына сәйкес, "тұтынушының суды есептегіш құралы болуы тиіс,
сондай-ақ заңнамада ҚР табиғи монополияларды реттеу субъектісі белгілеген
техникалық талаптарды орындауға міндетті» екені жазылған.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты