Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.03.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС басқармасына келетін абоненттер саны бұрынғыға
қарағандай айтарлықтай азайған. Оның себебі бар, таңқалуға да болмайды. Кәсіпорын
тұтынушыларға қызмет көрсетуде сандық құралдарды тиімді пайдалануға басымдық
береді. Нәтижесі жақсы. Көп мәселелерді қашықтан шешуге болады. Мысалы, жеделхат
мессенджеріндегі виртуалды көмекші (сілтемесі: wrm_bot). Оны пайдалану да оңай.
Көпфункционалды деуге болады: электронды
түбіртек арқылы шоттағы балансты біліп отырасыз және тиісті төлемді жасай
бересіз. Тағы бір маңызды функциясы – көрсеткіштерде қате кетсе, түзету
мүмкіндігі бар.
Тұтынушы чат ботта
ай сайын қанша су тұтынғанын және оның төлем көрсеткіштерін көре алады. Егер
бақылаушы- инспектор базаға суды есептеу құралының көрсеткіштерін дұрыс енгізбеген
болса, онда тұтынушы су өлшегішіінің суретін түсіріп, оны чат-ботқа жіберуі
керек. Біздің оператор аз уақыт ішінде қажетті түзетулерді енгізеді, төлем
құжаттарындағы деректер жаңартылады.
Кәсіпорынның
дилерлік учаскесіне немесе әкімшілігіне бұған дейін тұтынушылар келісімшартты қайта түзу және жылжымайтын
мүлік иесі ауысқанда құжатты қайта тіркетуге баратын. Қазір осының бәрін үйден
шықпай-ақ онлайн жасауға мүмкіндік бар. Уақытыңызды босқа кетірмейсіз. Сумен қамту
және шайынды су бойынша қызмет көрсетуге келісім-шартты қайта жасап, дербес
шотты қайта ресімдеуді "Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС-нің ресми сайтын
пайдаланған дұрыс(электронды мекенжайы: wrm.kz). Ең бастысы - ЭЦҚ және дербес
компьютеріңіз болса болғаны. Бүкіл процедура аз ғана уақытыңызды алады.
Мәселелерді
қашықтан шешуде әлеуметтік желілерді де пайдалана аласыз. Компания интернет
кеңістігінде де белсенді жұмыс істейді. Келіп түскен өтініштерге талдау жасау және
күрделі проблемалар тудыратын тұстарды қарастыру жүйелі жүргізіледі. Сондықтан,
сізде қандай да бір сұрақтар болса, whatsapp – қа жазыңыз: +77057581111. Немесе
кәсіпорынның әлеуметтік желілеріне жазыңыз. Жауап беріледі.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты