Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 18.04.2023
Дегенмен, елорда тұрғындары судың мәселесіне енді бас ауыртып жатыр. Ал елдің оңтүстік өңірлері үшін бұл жауыры шыққан жағдай. Парламент сессиясының ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігі мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Мемлекет басшысы өткен жылғы үндеулерінің бірінде де су ресурстарының жетіспеушілігіне негізгі себеп – судың сыртқы ағынының қысқаруы, оны тиімсіз пайдалану екенін айтқан. Шығындар 40% дейін жетеді. Инфрақұрылымның тозуы, автоматтандыру мен цифрландырудың төмен деңгейі, ғылыми сүйемелдеудің жоқтығы және кадр тапшылығы да үлкен проблема. Елімізде 275 орталықтандырылған сумен жабдықтау нысаны бар. Еліміз бойынша 483 ауыл әлі күнге дейін орталықтандырылған су жүйесіне зәру. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, 2030 жылға қарай Қазақстандағы су ресурстарының көлемі жылына 15 текше километрге дейін азаяды. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінше, 8 жылдан кейін біздің елімізде су тапшылығы жылына шамамен 12-15 текше шақырымды құрауы мүмкін. Ол үшін суды пайдалану тиімділігін арттыру қажет. Мысалы, республиканың суару жүйелерінің тиімділігі 0,45-0,55 аспайды, яғни суармалы судың шығыны 50%-ға жетеді. Суармалы жерлердің тек 16% - ы тамшылатып суару технологияларымен модернизацияланған. Басқаша айтқанда, суармалы судың көп бөлігі құмға кетуде. Сондықтан суармалы егістікті мемлекеттік қолдау саясатын өзгерту қажет. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, Қазақстанның бұл саладағы негізгі проблемасы - су ресурстарын жоспарлау мен басқару жүйесінің жоқтығы.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты