Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.05.2023
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС кәсіпорын мен оның тұтынушылары үшін ортақ мәселе бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсат – қала әкімдігінің қолдауымен Мүлік Иелерінің Бірлестігін, Жәй Серіктестіктерді құру, тиісті органдардың осы бағытта өзара әрекеттесуін, үйішілік инженерлі-коммуникацияны ретке келтірудің тетіктерін қарастыру болатын. Кездесуге аудан әкімдіктерінің, Тұрғын үй инспекциясының, үй басқарушы компаниялар мен коммуналды қызмет түрлерін жеткізушілердің өкілдері шақырылды.
«Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры
Әр тұрғын үйде кондоминиум болмайынша...
Қашан үй иесі табылады? Қағаз жүзінде бәрінде бар.
Бірақ ол жұмыс істемейді.
Шымкент қаласының
көпқабатты тұрғын үй қорына қарасты 2343 үй бар. Бұл үйлердің 1011-і 40-50 жыл
бұрын салынған. Тиісінше, ішкі инженерлік инфрақұрылымы ескірген және қайта
құруды, күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл, әсіресе су және кәріз желілеріне,
жертөле бөлмелері мен кіреберістердегі жылу желілеріне қатысты. Үйлердің ішкі
жүйелерінің ескіруі, жылыту маусымына дер кезінде дайындалмағаны салдарынан
2023 жылдың қаңтарында көпқабатты үй тұрғындары қиындықтарға тап болды. Мұндай
жағдай қайталанбас үшін нақты қандай шара қаралып, не істелінді? Түзілген
жоспарымыз бар. Ауданда сервистік компаниялар жұмыс істеп жатыр, - дейді аудан
әкімдіктері.
Марат Тәжібаев
Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары
Қазіргі бір проблема көп үйлер домкомсыз. Заң аясында көп
нәрсе шешілуі керек. Біз өз тарапымыздан жиналыс жасап жатырмыз.
Әділет
департаментінің мәліметінше, көпқабатты үйлердің тек 131-інде Мүлік иелерінің
бірлестігі бар. Бұл 5,7 пайыз деген сөз. Дөңгелек үстелге қатысқан үй
төрайымдары мен Мүлік иелері бірлестігінің жетекшілері болса, өздеріне қатысты
қолдаудың жоқтығын айтады. Тұрғын үй инспекциясы болса, көп олқылықтарға
тұрғындардың өзін кіналайды.
Гүлнар Мангелдин көшесі 37 үй тұрғыны (из сотки)
Аудан
әкімдіктері алдында коммуналды қызмет көрсетуші компаниялармен бірігіп істейтін
үлкен жұмыс тұр. «Тұрғын үй қатынастары» заңы талаптарының орындалуын
қамтамасыз ету мақсатында қаладағы көпқабатты үйлерде 100% өзін басқару
органдарын (ОСИ, ПТ) құрып, ішкі инженерлік желілерді ретке келтіруде
келісім-шартқа тұруы тиіс. Сонда ғана қысқы
мерзімге дайындық шарасы жүйеленіп, жұмыс оңтайланатыны сөзсіз.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты