Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.05.2023
Депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта "Қазсушар" РМК Алматы филиалының балансында 9 су қоймасы, 15 су торабы мен бөгет, сондай-ақ 5 000 км астам магистральды, тарату арналары мен коллекторлы-дренажды желілер бар. Оның ішінде 3 нысан апатты жағдайда тұр. Мысалы, Жетісу облысының Ескелді ауданындағы Қаратал өзенінде су бөгеті 1976 жылы пайдалануға берілді. Сол кезден бастап осы объектіде күрделі жөндеу жүргізілмеген. Су шаруашылығы нысаны тек тариф есебінен тұр. Оның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланған. Бөгеттің төменгі түбі бұлыңғыр және бос жерлер көрініп жатады. Бұрандалы көтергіштердің электр жабдықтары тозып кеткен, шұғыл ауыстыруды қажет етеді. Ондағы көпір де қирап тұр, - деп сенатор шағымын жеткізді. Оның айтуынша, "Ақешкі" және "Тентек"су нысандарында да жағдай осыған ұқсас. Парламентарий техникалық және кадрлық проблемалардың да күрделі екенін айтты. Мәселен, ұзындығы 4 416,5 шақырым болатын арнаға қызмет көрсету үшін нормативтер бойынша кадрлар саны 970-тен кем болмауы керек. Ал мұнда барлығы 293 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудег де жағдайды екіұшты. Су беруді реттеушілердің орташа айлық жалақысы 85 870 теңгені құрайды. Жұмыс ұзақтығы - жылына 4-8 ай. Ал бірдей жұмысты орындау кезінде республикалық бюджеттен жалақы алатын реттеушілердің жалақысы 141 931 теңгені құрайды. Стратегиялық нысандарды қаржыландыру ерекшеліктері әлеуметтік теңсіздікке алып келеді, өндірістік учаскелердің қызметкерлері еңбек жағдайлары мен жалақы мөлшеріндегі айырмашылықтарға наразы,- деді сенатор.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.7%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.3%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты