русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 30.05.2023

 "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі сумен қамту және су бұру қызметтерін ұсына отырып, тұтынушыларға құбырларды пайдалануда жауапкершілікке берік болуға шақырады. Мысалы, өз меншігіндегі желіні техникалық жарамды күйде ұстау, су ағу немесе жарылу болған жағдайда тезірек жою үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Желіні және есептегіш құралдарын қысқы кезеңге уақтылы және сапалы дайындау қажет. Бұл "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларының" талаптарында нақты көрсетілген (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 28.02.2015 ж. № 163 бұйрығы)

Осы Ережелерге сәйкес, қызмет көрсетуші мен тұтынушының желідегі әрқайсысына тиесілі бөлігі қарастырылған. Сумен жабдықтауда да, су бұру желілерінде де. Жеке тұрғын үйлер мен заңды тұлғалар үшін баланстық тиесілілік шекарасы елдімекендегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құбырына енген жерінен басталады. Су құбыры желілері бойынша кондоминиум объектілері үшін бұл шекара ғимаратқа су құбырының кіреберісіндегі бірінші ысырманың бөлгіш фланецінен, ал су бұру үшін – елді мекеннің кәріз желілеріне қосылатын жердегі құдықшадан басталады.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне кәріз желілерінің бітелгенін, құбыры жарылып, су ағып жатқаны бойынша хабарласады. Көп жағдайларда тұтынушылардың өзіне тиесілі аймақта проблема туындайды. Бірақ өздері ақауды жою үшін ешқандай шара қолданбайды. Естеріңізге сала кетейік, желілерді дұрыс пайдалану бойынша техникалық талаптар орындалмаған жағдайда, қызмет көрсетуші тарап қажетті шараларды қолдануға құқылы.

Дінмұхаммед Оңғар 

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің басшысы

"Заңды тұлғалардың немесе басқа тұтынушылардың пайдалану жауапкершілігінде болатын желіде ағып кету, жарылу, бітелу жағдайлары анықталса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өкілдері тиісті акт түзеді. Мұндай жағдайда заң бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ескертеміз. Егер тұтынушы осындай хабарламаны елемейтін болса және техникалық талаптарымызды сақтамаса, көрсетілетін қызметті толық немесе ішінара тоқтатуға құқымыз бар".

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары