Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.06.2023
2023 жылы 6 маусым күні Facebook әлеуметтік желісінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің аккаунтында тікелей эфир өтті, оған коммуналды қызмет көрсетуші компаниялардың, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері қатысты. Модератор - Шымкент қаласы бойынша ҚР ҰЭМ ДРКРМ басшысы Дархан Қайынбердиев болды. Қала тұрғындары қызмет көрсетуші мекеме өкілдеріне өз сұрақтарын тікелей қойып, жауап ала алды.
Қоғамдық қабылдау
барысында Дархан Қайынбердиев әлеуметтік желілерде тұтынушылармен жұмысты
күшейту қажеттігін тағы да ескертті.
Түсіндірме жұмыстарын
жүйелеу, көрсетілетін қызметтен ажырату бойынша ақпаратты, хабарландыруды
жариялау, әлеуметтік желілер арқылы түскен азаматтардың өтініштерін жедел қарастыру қажет. Сондай-ақ, барлық
коммуналды қызмет жеткізушілерде чатботтар болуы қажеттігі қозғалды. Бұл байланыс тетігін қала тұрғындары үшін
ыңғайлы ету керек. Қала тұрғындарынан коммуналды салаға қатысты бірнеше
сұрақтар түсті, оларға Дархан Қайынбердиевтің өзі, сондай-ақ кәсіпорын өкілдері
жауап берді.
Егер сіздің
тарапыңыздан "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, оларды
кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы қоя аласыз.
Сіз өтінішіңізді WhatsApp-қа
да жаза аласыз: +77057581111. Сумен
жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану мәселелері бойынша "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық
диспетчерлік қызметіне келесі нөмірлер
бойынша жүгінуге болады:
8(7252) 321-274; +77081102121 (whatsapp).
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты