Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 30.06.2023
Алты жыл бұрын елдімекенде құбырлар төселген, бірақ әлі күнге дейін су жоқ. Ауыл тұрғындары Торанғалықта ешқандай жағдайдың жоқтығына наразы. Жазда олар көлден ескі сорғымен сорылатын техникалық суды пайдаланады. Тұрғындар ауыз судың литрін үш теңгеден, кәсіпкерлер бес теңгеден сатып алады.
"Пластикалық құбырлар тартылды, бәрі аяқталды: бірақ су жеткізілген жоқ, сорғы да жоқ. Бұған дейін 2015 жылы бүкіл халық жазда шомылатын жағалауға тұзсыздандырғыш құралдары қойылды. Суды сынақтан өткізді. Бірақ ол ішуге жарамсыз болып шықты", – дейді жергілікті тұрғын Василий Чернышев.
2017 жылы Торанғалыққа арналған тұщыландыру станциясы мен су құбырына 130 млн теңге бөлінген, алайда құрылыс аяқталғаннан кейін екі ай өткен соң нысан жарамсызданып, құммен бітеліп қалды. Ақтоғай ауданының әкімі Руслан Кенжебеков болса, сусыз қалғанына ауыл тұрғындарының өзі "кінәлі" деп отыр.
"Жоба бойынша төселген құбырлардың құны -77 млн теңге. Көлден тартылған су сүзгіден өткізіліп, үйлерге берілуі керек еді, бірақ 2017 жылы тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы болды: олар судың сапасына қанағаттанбады. Дегенмен, біз төселген құбырларды жаңа жобаға пайдалануды жоспарлап отырмыз, жағдайы жақсы", – деп түсіндірді аудан әкімі.
Ал, жаңа жобаның қашан іске асырылатынын коммуналды шаруашылық бөлімі нақтылаған жоқ.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5158
дауыс мұрағаты