Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 24.07.2023
Астана қаласында өткен Чех-Қазақстан
бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасы мен Чехия Премьер-министрлерінің
қатысуымен ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Прага
зообағы арасында Пржевальский жылқыларын жерсіндіру бойынша ынтымақтастық
туралы Меморандумға қол қойылды. Жануарларды жерсіндіру дегеніміз – олардың бұрынғы мекендеу
орындарына қайта көшіру. Былтырғы жылдың желтоқсан айында Чехия
тарапымен, сондай-ақ Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті
сақтау қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті, оның қорытындысы
бойынша «Алтын Емел», «Көлсай-көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері
мен «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты Пржевальский жылқысын
жерсіндіруге потенциалды аумақ ретінде таңдалған болатын. Меморандумға қол қою
еліміздегі жабайы табиғатты қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге
және сол арқылы жануарлар әлемінің жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға
мүмкіндік береді.
Қазақстан Пржевальский
жылқыларын жерсіндіруге дайындығын білдірді (www.gov.kz)
Әлеуметтік
желілерде Ақтау қаласындағы 4-ші шағын ауданыны аумағындағы Каспий теңізі қара
түске боялғаны туралы ақпарат пайда болды.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің
мамандары жағдайдың себебін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын
жүргізді. Сараптау барысында теңіздің қара түске боялуының себебі шіріген теңіз
өсімдіктері ыдырауынан және теңіз түбіндегі көпжылдық табиғи құбылыстарға
байланысты тұнбаның жиналуынан екендігі екендігі анықталды. шіріген
алаңдаушылық туғызбайтындығы және анықталды. Сонымен қатар, жағалауды лай мен
басқа да ластанудан тазарту үшін қажетті шаралар қабылданатын болады. Аталған
мәселе бойынша жергілікті экология департаменті тиісті мемлекеттік органдарға
хат жолдады.
Экология министрлігі Каспийдегі су түсінің өзгеру
себептерін түсіндірді (www.gov.kz)
Құрғақшылық
салдарынан халық жаппай басқа жаққа кетіп жатыр.
Ұзақ уақытқа созылған құрғақшылықтан Ирактың
оңтүстігінде халық басқа жаққа ағылуда. Бір кездері аймақтың толып аққан
өзендері батпаққа айналды, бұл жергілікті балықшыларды күнкөріссіз қалдырды.
Адамдар көрші аудандарға көшуге мәжбүр. БҰҰ мәліметтері бойынша, өткен
қыркүйекте құрғақшылық салдарынан Ирак бойынша 60 мыңнан астам адам қоныс
аударуға мәжбүр болған. Бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. Ел билігінің мәліметінше,
құрғақшылықтың себебі - өзендерде бөгеттер салып, суды тиімсіз пайдалану,
сондай-ақ жауын-шашынның азаюына әкелген климаттың өзгеруі болып отыр.
Каспийде итбалықтар жазда да қырылып жатыр.
Жағалаудағы
өлекселерді демалушылар көрген. Куәгерлердің айтуынша, өлі итбалықтар теңіз
толқынымен жағаға шығып қалған. Өлекселер әбден жұлмаланған. Теңіз
жануарларының жаппай қырылуы соңғы кезде жиі тіркеле бастады. Осыдан бір ай
бұрын Баутино ауылы аумағынан да оннан аса итбалықтар өлексесі табылған. Жыл
басынан бері Маңғыстау облысындағы жағалаулардан 350-ге жуық өлі итбалық
анықталды. Сол кезде мамандар теңізде тіршілік ететіндер қысқы суыққа шыдамай
қырылып қалды деп ақталған. Ал жазда неліктен қырылып жатқанын ешкім айта алмай
отыр.
Окинава портындағы қызыл су Жапония тұрғындарын қатты қорқытты.
Қызыл судың себебі -
сыра зауытының ағынды қалдықтарынан болып отыр, деп хабарлайды "Хабар
24". Анықталғандай, ашық түсті сұйықтық -қарапайым тағам бояғышы болып
шықты. Ол жақын маңдағы өзенге дренаждар арқылы ағып келген. Фирма өкілдері болған
жәйт үшін кешірім сұрады. Олар бояудың адам денсаулығына қауіп төндірмейтінін
айтып отыр.
Батумиде теңіз суының сапасы тексерілуде
Украинадағы
Каховская ГЭС-індегі жағдай Грузияның да басына түсті. Курортты аймақ Аджария туралы
қауесет пен жалған ақпарат тез тарап ұлгерді. Жергілікті тұрғындар Қара теңіз
суының сапасына қатты алаңдап, Ұлттық қоршаған ортаны қорғау агенттігі қосымша
бақылау шараларын жүргізуге кірісті, деп хаарлады "Хабар 24" тілшісі.
Көп ұзамай, Грузияның Қара теңіз акваториясында алынған сынамалар норма шегінде
екені мәлім болды. Ұлттық қоршаған ортаны қорғау агенттігі осылай мәлімдеді.
Бұрын теңіз суының сапасына мониторинг айына 1 рет жүргізілетін. Қазір Кахов ГЭС-нің
жойылуынан кейін қорқып, мамандар тексеруді жиі жүргізе бастады. Зертханалық зерттеулер барысында
физика-химиялық параметрлер, соның ішінде судың тұздылығы анықталады.
Сарапшылар: "Грузияда теңізі таза, шомылуға болады"деген анықтама
берді.
Экология ұйымдары Еуропалық комиссиядан Испаниядағы
Доньяна ұлттық саябағын қорғауды сұрайды.
Қорықты су басу
қаупі төніп тұр. Бірнеше онжылдықтар бойы ұлттық саябақ егіншіліктің қысымына
ұшырады. Батпақты құрғату, ұңғымаларды заңсыз бұрғылау және туристердің ағыны
климаттың өзгеруінен туындаған қиындықтарды күшейтті. Табиғи қорық ретінде
заңды мәртебесі бар Доньяна өзінің ерекше экожүйелерімен және бай флорасы,
фаунасымен, соның ішінде Пиреней сілеусіні сияқты жойылу қаупі басым түрлерімен
танымал. Бұл аймақ сонымен қатар жыл сайын Солтүстік Еуропадан Африкаға қоныс
аударатын миллиондаған құстар үшін маңызды бағыттардың бірі саналады.
((Экологические организации просят Еврокомиссию защитить
национальный парк Доньяна в Испании. Заповедник находится под угрозой из-за
чрезмерного забора воды, передаёт «Хабар 24»)).
Алматыға тау шыңындағы 6
көлден қауіп төніп тұр.
Табиғи апаттың алдын алу үшін «Қазселденқорғау» мекемесі
мен құтқарушылар Іле Алатауындағы көлдердің суын азайтуға кірісті. Мамандар
биыл да мореналық көлдерді бақылауға алып, ең қауіпті дегендерін арнайы
құрылғының көмегімен тексеріп жатыр. Жалпы, Алатаудың басында 51 мореналық көл
бар. «Қазселденқорғау» мамандары мен төтеншеліктер оны төрт мезгіл бойы
бақылайды. Алайда биылғы шілденің ыстығында қауіп арта түскен. Яғни тау
шыңындағы қыс бойы түскен қар аптап ыстықта еріп, көлдердегі су деңгейін
көтеріп жібереді. Тау басында 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейді. Сорғызу
жұмыстары сифондар арқылы жүзеге асады. Мамандар Эвакуациялық каналды тазалап,
көлдегі суды өзендерге қарай ағызады. Көлдердегі суды ағызу жұмыстары күзге
дейін жалғасады. Яғни мұздықтардың еруі толық аяқталғанға дейін кезең-кезеңімен
жүргізілмек. Мамандар қазіргі таңда еш қауіп жоқ болғанымен, жағдай кез
келген сәтте ушығып шыға келуі мүмкін екенін айтып отыр.
Тау шыңындағы көлдерге қауіп төніп тұр | КТК (ktk.kz)
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты