Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.10.2023
Виртуалды қоғамдық қабылдау
2023 жылғы 3 қазан
күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша
департаменті ұйымдастырған кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау өтті. Коммуналды
қызмет түрлерін тұтынушылар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі
аккаунты арқылы сұрақтарын қойды.
Виртуалды қоғамдық
қабылдауға коммуналды қызмет ұсынушы компаниялардың, қоғамдық және саяси
ұйымдардың өкілдері қатысты, іс-шараны монополияға қарсы департамент басшысының
орынбасары Айсұлу Әлібекова жүргізді.
Айсұлу
Қуанышбекқызы кезекті рет коммуналды қызмет көрсетуші мекеме өкілдерін
әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру жұмысын күшейтуге, түсіндірме және
талдау жұмыстарын белсенді, сапалы жүргізуге шақырды. "СРМ" ЖШС-нің
осы бағыттағы жүйелі жұмысын ерекше атап өтті. Күн сайын Facebook, Instagram
әлеуметтік желілерінде қалалықтарды, мекеме, кәсіпорындарды сумен қамту және кәріз
желілері бойынша ақпарат таратылады. Кәсіпорынның 2023 жылға арналған
инвестициялық бағдарламасының орындалуы бойынша тұтынушыларды хабардар етеді.
Су құбыры желілерін жаңарту, кәріз желілерін қайта құру жұмыстары, сондай-ақ
коллекторларды жөндеу жұмыстары, желілердің күзгі-қысқы маусымға дайындығы
турасында материалдар беріледі. Сонымен бірге, тұтынушылар көтеретін,
көпқабатты, жеке секторда туындаған мәселелер бойынша жедел түсіндіру жұмыстары
жүргізілуде.
Виртуалды қабылдау
модераторы тұтынылған қызмет түрлері бойынша өзара есеп айырысуда ыңғайлы болу
үшін чат-бот жүйесін пайдалануды ұсынды. Бүгінгі таңда "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС абоненттерінің 75%-дан астамы Telegram
мессенджерінде виртуалды ассистентті (чат-бот) белсенді пайдаланады (сілтеме:
wrm_bot).
Осы ретте, тағы да
естеріңізге саламыз: Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде
кәсіпорынның ашық аккаунттарына хабарласуға болады. Хабарламаны Whatsapp арқылы
да +77057581111 нөміріне жаза аласыз.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты