Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.10.2023
Астаналық мамандар ағынды су тазарту кешенінде болды
Елордада ағынды су
тазарту кешені тәулігіне 250 мың текше метр суды өңдейді. Халық санының өсуіне
байланысты кешенді ұлғайту, қосымша құрылғылар орнату жобасы қолға алыныпты.
Екінші кезең жұмысына кіріскен жоба басшылары, мердігер компания мамандары,
«Астана су арнасы» МКК-ның бас инженер технологы шымкенттік «Су
ресурстары-маркетинг» ЖШС-не қарасты кешеннің технологиясымен танысуға арнайы
келді. Қаладағы тазарту кешенінде де бүгінде қосымша имараттың құрылысы
жүргізіліп жатыр. Польшалық компаниямен бірлесе іске асырылған бұл кешенде
қаладан жиналатын сарқынды су бірнеше кезеңде тазартылады.
И. Казаринова рассказывает
Астана қаласындағы
кешеннің қосымша имараты болашақта 188 мың текше метр ағынды суды тазартады деп
жоспарланып отыр. Оны іске асыратын мердігер «Интегро Констракшн» ЖШС жетекшілері
су тазарту технологиясын орналастыруда қай тұсқа баса назар аударып, нені
ескеру керектігін көрді. Польшалық әріптестердің нұсқауымен шымкенттік
кәсіпорын мамандарымен сұқбаттасты.
Максим Осенян «Интэгро Констракшн» ЖШС-мердігер
компанияның жоба жетекшісі
Өте қызық. Жұмыс нәтижесі жоғары кешен дер едім.
Шымкенттік жобаны толық меңгеріп, көріп, біліп, өзімізде Польшалық мамандармен
осындай технологияны ендірсек деп отырмыз. Қазір жұмыс тобын құрдық. Енді
кәсіби инженерлерді тартпақ ойымыз бар. Жемісті сапар болады деп үміттенемі.
1 млн 300 мың
халықты сумен қамтып, кәріз желілері бойынша қызмет көрсетіп отырған «Астана су
арнасы» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына бүгінде Европа, Түркия елдерінен
және қазақстандық компаниялары да су тазарту кешенін салуға ұсыныс жасап отыр
екен. Елордалық әріптестер Шымкенттік «Су ресурстары-маркетинг» компаниясының
тәжірибесіне сүйеніп, Польша мамандарына жүгінбек ниетте. Олардың жұмыс
нәтижесі қызықтырады, дейді.
Фируза Алдынгурова «Астана су арнасы» МКК бас инженер-технологы
Кешен өте жақсы. Жүйелі жұмысы көрініп тұр. Астанаға
қарағанда Шымкенттің орналасқан жері, климаты қолайлы. + Бұл жерде биогаз
өндіреді. Тиімділігі жоғары. Ал бізде ол өте қиындау.
Бұл соңғы кездесу емес.
Түбегейлі зерделеніп болған соң мамандар мен сарапшылар кездесу нәтижесін
шығарып, шешім қабылдайды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты