Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.01.2024
Мәжіліс депутаты Д.
Исабековпен кездесу
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметкерлері жұмыс аптасының алғашқы күнінде
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясы фракциясы мүшесі Исабеков
Данабек Ержанұлымен кездесті. Депутаттың өңірдегі сайлаушылармен кездесу
кестесіне сәйкес өткен басқосуда бірқатар маңызды мәселелер көтерілді.
Мегаполис және оған жақын жатқан елдімекендерді ауыз сумен қамтып, кәріз бойынша
үздіксіз қызмет көрсетіп отырған кәсіпорын теңгеріміндегі 177,3 шақырым сумен
жабдықтау және 131,2 шақырым су бұру жүйелерін қайта құру және жаңғырту
жұмыстарын инвестициялық бағдарламаға қосуды Парламент және Үкімет қарастырса,
Президент жария еткен «Тарифті инвестицияға айырбастау»
бағдарламасы оң нәтижесін берер еді.
Кәсіпорын басшылары
сала мамандарының жалақысы туралы мәселені де көтерді. Ұлттық экономика
министрінің "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын
бекіту туралы» 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90
бұйрығына сәйкес, өндірістік және әкімшілік
персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары субъект персоналының нақты, бірақ
нормативтік санынан аспайтын саны, өтінім берудің алдындағы жылғы статистика
деректері бойынша өңірдегі орташа айлық жалақы негізінде айқындалуы керек деп,
Мәжіліс депутатына негізді ұсыныстарын берді.
Кездесуде саладағы салық мәселесі де сөз болды. Су бұру жүйесі бойынша
мүлік салығының мөлшерлемесін сумен жабдықтау жүйесі бойынша мөлшерлемеге ұқсас
1,5% - дан 0,1% - ға дейін төмендету қажеттігі өте маңызды. Сонда ол қаржы
инвестиция мәселесін оңды шешуге жұмсалар еді.
Сонымен бірге, еліміздегі «Табиғи монополиялар туралы» Заңына да тиісті өзгерістер енгізілсе, - деді бас директор Анарбек Орман. Нақтырақ
айтқанда, «Табиғи
монополиялар туралы» Заңына реттелетін
суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды
бұру қызметтерінің тарифі тұтынушылар топтары бойынша және
тұтыну
көлемі бойынша сараланған тарифті енгізу
керек. Ол, ең алдымен тұтынушыға тиімді болар еді.
Және Данабек Ержанұлына қаладағы көпқабатты үйлердің ішкі жүйесін
сақтауда, оны қайта құру, жаңалауда өзін-өзі басқару органдарын құрмайынша
ілгерілеушілік болмайтыны айтылды. Шымкенттегі жүздеген үйлерде кондоминиум,
мүлік меншігі иелері, жәй серіктестіктер құрылған деген ақпараттың тек қағаз
жүзінде қалғаны рас. Осы мәселе мықтап қолған алынса, мемлекеттік органдармен
жүйеленсе, көпқабатты үйлердің инженерлік коммуникациясы реттелер еді. Саладағы
түйткілді тұстарға қаныққан мәжілісмен сауалдарды жіті қарастырып, тиісті
органдарға жолдайтынын, шешілуіне ықпал ететінін айтты.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты