Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.01.2024
Желіде ақау пайда болып, су
аққан. Не істеу керек?
Сіз жер үйдің тұрғынысыз ба? Сізге әкелген түбіртекте пайдаланған су үшін
қомақты теңге жазылған ба? Көбінде мұндайда үйіңіздің су желісінде ақау пайда
болуы мүмкін. Желіде жасырын аққан су алғашқыда байқала бермейді. Оны анықтау
үшін үйдегі барлық шүмектерді жауып, су есептегіш құралын тексеру керек. Егер
ол тоқтамай "айналып тұрса", бір жерден су ағып жатыр деген сөз.
Естеріңізге сала кетейік, су құбыры желілерін пайдалану талаптарына сәйкес,
"қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы желінің теңгерімдік тиесілігін
шектеу шекарасы - елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылған
жердегі құбырға қосылу орны болып табылады". Нақтырақ айтқанда, су
есептегіш құралының алдындағы винтель-бұрандадан бастап тұтынушыға тиесілі.
Яғни, осы жерден абоненттің меншігі және сол желідегі ақаулар мен өзгерістерге
толығымен тұтынушының өзі жауапты.
Су шығыны фактісі анықталған жағдайда, кәсіпорынның орталық диспетчерлік
қызметіне өтініш беруіңіз қажет (алайда, тұтынушы басқа лицензияланған
ұйымдарға жүгінуге де құқылы), телефон:+77081102121(whatsapp). Өтінішіңізді
диспетчерлер сіз тұратын аудандағы арнайы мамандандырылған мекемеге жібереді.
Ондағылар тексеріп, жөндеу жұмыстарының сметалық құнын анықтайды. Бұл көп
тұстарға байланысты: құбырдың тереңдігіне, төселімге, құбыр жасалған материалға
және т. б. байланысты.
Егер абонент ұсынылған талаптармен келіссе, келісім-шарт түзіліп, жұмыс
аяқталғаннан кейін тиісті актілерге қол қойылады және төлем құжаттары беріледі.
Барлық жұмыстар заңға сәйкес орындалады.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты