русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 25.01.2024

Су балансын бақылау

Су – тіршіліктің нәрі, ең құнды ресурс. Сондықтан да оны пайдалануда есеп болуы заңды және ол бақылауды қажет етеді. Жалпы, су балансын есептеу әр ұңғымасында шығын өлшегіші бар су жинақтағыштан басталады. Қалалықтарға жеткізілетін су көлемі алдымен орамішілік, көшедегі және үйлердегі ортақ су есептегіш құралдарында есепке алынады.  Соңғы нүсте – тұтынушының жеке су есептегіші.

Бұл не үшін қажет? Бірінші кезекте – желіде пайда болған ақауды және қанша су шығыны болғанын анықтау үшін. Барлық шығын өлшегіштер мен есептегіштерде (орамішілік, көшелік және ортақ) мәлімет таратқыш құрылғылар орнатылады. Бұл аспаптар күн сайын пайдаланылатын су көлемі туралы мәліметтерді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің автоматтандырылған базасына жібереді. Яғни, мамандар "А" нүктесінен " В " нүктесіне дейін қанша су келгенін оп-оңай анықтайды. Осылайша, жасырын аққан су, пайда болған ақауды бірден анықтауға болады, бұл судың су шығынымен қоса басқа да күрделі жағдайларға әкелуі мүмкін. Мысалы, төселген жолдың зақымдалуы, тұрғын үйлерді су алуы және басқа да қиындықтар.

Мұндай фактілер анықталса, пайдалану қызметі бірінші кезекте күдікті учаскедегі құдықтарды тексереді. Су ағып жатқан жер анықталса, оны тексеріп, зерттеуге рұқсат алу үшін өтініш беріледі. Жерасты коммуникацияларындағы ақау мен су екпінін анықтауда мобильді зертхана қолданылады. Мұнда 3 маман бар, оларда зерттеулер жүргізіп, проблемалы тұсты нақтылауға мүмкіндік беретін жабдықтар мен құрылғылар жиынтығы бар.

Күдікті деп танылған орынға келген мамандар трассаіздегішпен ұңғымалар арасындағы құбырдың тереңдігін және нақты орналасқан жерін анықтайды. Әр құдыққа коррелятор қалтқысы орнатылады, қажетті деректер құрылғыға енгізіледі, содан соң құбырдағы ақау салдарынан шығын есептеледі. Коррелятордан басқа, локациялық шу детекторы да қолданылады - су аққан жерді нақты анықтауға көмектеседі. Осыдан кейін барып, пайдалану қызметінің мамандары шақырылады, олар ақау болған орынды жөндейді. Су аққан жерді анықтауда мобильді зертхананы пайдалану артық шығындарды болдырмайды, өйткені қазба жұмыстары нүкте түрінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, мәліметті таратушы құрылғылардың жұмысы да мұқият бақыланады. Мамандар электронды деректерді мобильді қосымша арқылы біліп отырады. Тарату құрылғылары мен су есептегіштеріндегі деректерді салыстыруға көп уақыт кетпейді, лезде жасалады. Өйткені,"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де бүгінде заманауи аспаптар қолданылады. Цифрландыру кезеңінің тағы бір маңызды тұсы - жеке су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін алу. Бұл әдісті сынақтан өткізу басталып та кетті. Алдағы уақытта көпқабатты үйдің пәтерлеріндегі су есептегіш құралдарының көрсеткіштері «Су шаруашылығы қызметін есепке алу жөніндегі инспекторлардың»(контролердің) көмегінсіз-ақ  кәсіпорын базасына алынып отырады.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары