Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.02.2024
Тұтынушының желіні пайдаланудағы жауапкершілігі
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі
сумен қамту және су бұру қызметін ұсына отырып, тұтынушыларды құбырды
пайдалануда жауапкершілік танытуға шақырады. Мысалы, өз меншігіндегі желіні
техникалық жарамды күйде ұстау, су ағып жатса немесе жарылған жағдайда тезірек
қалыпқа келтіру үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Желіні және
есептегіш құралдарын қысқы маусымға уақтылы және сапалы дайындау қажет. Бұл
ескертулер "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану
қағидаларының" талаптарында нақты көрсетілген (ҚР Ұлттық экономика
министрлігінің 28.02.2015 ж. № 163 бұйрығы)
Осы Ережелерге сәйкес, қызмет көрсетуші мен
тұтынушының әрқайсысына тиесілі бөлігі қарастырылады. Сумен жабдықтауда да, су
бұру желілерінде де өздеріне тиесілі бөліктері бар. Жеке тұрғын үйлер мен заңды
тұлғалардың баланстық тиесілі шекарасы елдімекендегі сумен жабдықтау және су
бұру жүйесінің құбырына қосылған жерінен басталады. Су құбыры желілері бойынша
кондоминиум объектілері үшін бұл шекара ғимаратқа су құбырының кіреберісіндегі
бірінші ысырмадағы бөлгіш фланецтен, ал су бұру үшін – елдімекеннің кәріз
желілеріне қосылатын жердегі құдықшадан басталады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық
диспетчерлік қызметіне кәріз желілерінің бітелгенін, құбыры жарылып, су ағып
жатқанын айтып хабарласатындар бар. Көп жағдайларда проблема тұтынушылардың
өзіне тиесілі аумақта туындайды. Бірақ оны жөндеу үшін қздері ешқандай шара
қолданбайды. Естеріңізге сала кетейік, желілерді дұрыс пайдаланудың техникалық
талаптары орындалмаса, қызмет көрсетуші тарап тиісті шара қолдануға құқылы.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты