Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.02.2024
Су
есептегіш құралын қанша уақытта тексеру қажет?
Суды есептеу құралын тексеру мерзімі оның түріне
байланысты, орта есеппен 5 жыл сайын тексерілуі керек. Әдетте, өлшеу дәлдігі
жақсы болуы үшін тексеру өндірілетін зауытта жүргізіледі. Аралық мерзімі пайдалануға
берілген күннен бастап емес, құрал дайындап шығарылған күннен бастап
есептеледі.
Су
есептегіш құралын тексеру қажеттігін кім хабарлап ескертеді?
Су есептегіш құралын тексеру тағайындалғанын және ол
туралы хабарламаны тұтынушыға су құбыры шаруашылығы қызметін есепке алу
жөніндегі инспекторлар(контролер) тапсырады. Хабарлама-қағазды алғаннан кейін
тұтынушы тексеру жүргізуге құқығы бар мамандандырылған, лицензияланған
кәсіпорынға жүгінуі керек. Бұл мекеме тұтынушыға тексеруші шебердің қай күні, қай
уақытта аратынын және жұмыстың бағасы туралы нақты айтуы тиіс. Тағы бір
ескеретін жәйт, тұтынушы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің Telegram
чат-ботына тіркеліп, "есептеу құралдары"айдарына өтсе, су есептегіш
құралын тексеру мерзімін өзі-ақ біле алады. Сілтемесі: wrm_bot.
Су
есептегіш құралдарын тексеруге және ауыстыруға қай кәсіпорын немесе мекеменің
құқығы бар?
Бұл жұмыстарды тексеру қызметіне лицензиясы бар
аккредиттелген кәсіпорындар ғана құқылы. Мұндай кәсіпорындарда жоғары дәлдікті
беретін, сертификатталған жабдықтар бар және білікті мамандар жұмыс істейді.
Осындай кәсіпорындар туралы ақпаратты интернеттен немесе таныстарыңыз арқылы да
біліп, табуға болады.
Су
есептегіш құралы тексерілгенін растайтын құжаттар беріле ме, ол қандай
құжаттар?
Мамандандырылған кәсіпорынның сынақ зертханасында
есептегіш құралдыңа тексеруден өткені туралы сертификат және төлем жасалғаны
туралы түбіртек берілуі керек (фотосы қоса беріледі). Айта өтейік, су есептеу
құралын тексеру немесе ауыстыру туралы деректер "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС автоматты басқару жүйелерінің биллингтік базасына енгізілуі тиіс.
Егер
хабарлама берілгеннен кейін де су есептеу құралын тексертпесе не болады?
Егер тұтынушы «суды есептеу құралын тексеру керек»
деген хабарламаны елемесе, оны 30 күн ішінде
тексертпесе, кәсіпорынның техникалық талаптарының орындалмауына байланысты, ҰЭМ
2019 жылғы 24 маусымда бекіткен үлгілік шарттың 20-шы тармағына сәйкес, «сумен
жабдықтау барысында есептегіш құралы болмаған деп есептеледі және коммерциялық
тіркеуден алынып тасталады».
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты