Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.02.2024
Есептегіш құралы кімнің балансында болғаны дұрыс?
Жеке су есептегіш құралдары(ИВМ) төңірегінде, оның
баланстық тиесілігі жөнінде сұрақтар көп туындайды. Қазіргі таңда бұл құралдар
тұтынушының меншігінде және олардың пайдалану жарамдылығы үшін тұтынушы өзі
жауап береді, уақтылы тексертіп, ауыстыруы керек. Дей тұра, электр энергиясы
және газбен жабдықтау саласында жеке есептегіш құралдары қызмет көрсетуші
мекеменің меншігінде қалып отыр. Бұл қызмет түрлерін тұтынуда есептегіштерге
қатысты барлық операциялық шығындар коммуналды қызмет тарифіне енгізілген.
"Жеке су есептегіш құралдарын пайдалануға
қатысты талаптар тұтынушыларға көптеген қиындықтар мен қолайсыздықтар
туғызатынын жақсы түсінеміз. Сондықтан, бұл мәселе сумен жабдықтау және су
бұруға жауапты кәсіпорынның соңғы 15 жылдан бергі өзекті мәселелерінің тізіміне
енген. Біз уәкілетті мемлекеттік органдарға суды есепке алу құралдарын орнату
және оларды тексеру, ауыстыру – жалпы қызмет көрсету жауапкершілігін кәспорынның өзіне жүктеп,
тарифке енгізу қажеттігі туралы үздіксіз жазып келеміз. Егер су есептегіш
құралдарын тексеру және ауыстыру қызметі газбен жабдықтау және энергетика
саласындағыдай тарифке енгізілсе, біз өз тарапымыздан сапалы қызмет көрсетуге
дайынбыз. Алайда, әзірге бұл мәселе түбегейлі шешімін таппай отыр",-
дейді" Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС Бас директорының Экономика және
маркетинг жөніндегі орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.
Су есептегіш құралы пайдалану алдын бастапқы
тексеруден өткізілуі керек. Есептегіш құралы стандарттар мен сертификаттау
талаптарына және дәлдік көрсеткіші бойынша жоғары метрологиялық санатқа сәйкес
болуы қажет. Ал орнату барысы пайдалану талаптарына және "ҚР Өлшеу
құралдары туралы" заңына сәйкес жүргізілуі тиіс. Шымкент қаласы -
тұтынушыларды су есептегіш құралдарымен 100 пайызға қамтыған еліміздің
алғашқы қалаларының бірі. Оның үстіне,
тұтынылған су есебі дәл біздегідей ешбір өңірде қатаң жүргізілмейді. Біздің
қаламызда әр тұтынушы ЖЕҚ-ымен толық қамтылған. Мүмкін, кейбір қалаларда
бірінші орында сумен жабдықтау және жүйелерді пайдалану мәселесі өзекті болар.
Ал суды есептеу сияқты мәселелер кейінгі
орындарда тұр. Дегенмен, қазіргі таңда, биік мінберлерде су ресурстарын
үнемдеу, ауыз су шығынын қатаң бақылау қажеттігі туралы көп айтылуда және ол
өте орынды.
«Әзірге елімізде су есебін цифрландыру бойынша нақты
бағдарлама жоқ. Бірақ, оған қарамай, осы бағытта дамуымыз керек. Қазір нарықта
су есептегіш құралдарының алуан түрі бар: сипаттамалары әртүрлі және заманауи
түрлері көп. Мысалы, көрсеткішті қашықтан көрсететін, құбыр жарылып, су аққан
кезде қашықтан өшіру мүмкіндігі бар және басқа да пайдалы функциялар
жеткілікті. Бірақ мұндай су есептегіштер құны қарапайым су есептегіштеріне
қарағанда қымбатырақ болады. Тұтынушыға оларды сатып алу, пайдалану тиімсіз.
Сумен жабдықтаушы кәсіпорын субсидиялау бойынша арнайы мемлекеттік
бағдарламаларға енгізілсе, жаңа үлгідегі су өлшегіштерді енгізу жобаларын
жүзеге асыру оңайырақ болар еді. Бұл бірден бірнеше мәселені шешеді: өндірілген
және тұтынылатын судың есебін нақтылау,
оны ұтымды пайдалану, уақтылы есеп айырысу және тұтынушыларға тиімді!"-
деп санайды Жанатбек Тұрдалиев.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты