Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.03.2024
Әрбір кәсіпорын жұмыс барысында және белгілі бір
өнімді шығару үшін міндетті түрде суды пайдаланады. Нәтижесінде, одан құрамы
белгілі бір дәрежеде ластанған
өндірістік ағынды су шығады. Қалдық судың орталық кәріз жүйесіне
жіберілуі "Ағынды суды қабылдау ережелеріне" сәйкес болуы керек.
Ағызу кезінде сарқынды суды қабылдау талаптарын бұзатын кәсіпорындар "ҚР
Экологиялық кодексіне" сәйкес, жергілікті тазарту құрылғыларын орнатуға
міндетті. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, барлық өнеркәсіп орындары бұл талаптарды
орындай бермейді, соның салдарынан Шымкент қаласының коммуналдық
инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтіріледі.
Ирина Казаринова "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС менеджері
"Кәріз желісіне жіберілетін судың құрамындағы
лас заттар көрсеткіші шамадан асса, ол да желінің жұмысын тежейді. Дренажды
желінің жұмыс уақыты қысқарады, өйткені қышқыл және сілтілі орта, ауыр металдар
- барлығы желінің жұмысына өте зиян. Ағызылатын қалдық судың температурсы жоғары
болса немесе оның булануының өзі кәріз желісінің, құдықтардың ішінен шіруіне,
құдықтардың люктерінің бұзылуына әкеледі. Себебі, тазартылмаған ағынды су
агрессивті орта жасайды".
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС сынақ
зертханасының қызметкерлері өнеркәсіп орындарынан шығарылатын ағынды судағы
зиянды заттар концентрациясының мөлшерін анықтау үшін арнайы бақылау
құдықтарынан сынамалар алады, одан кейінгі талдауларды жасайды. Мамандар
Шымкентте өнеркәсіптік сарқынды судың тиісті нормалар мен талаптарға сәйкестігі
бойынша проблеманың барын және оның кәріз желілеріне айтарлықтай қауіп
төндіретінін айтады.
Әлия Мираманова"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС сынақ зертханасының жетекшісі
"Бүгінгі таңда өндірістік ағынды суды тазарту
мәселесі өте маңызды тұстардың біріне айналған. Бұл ұзақ және күрделі
технологиялық процесс, оның барысында адам денсаулығы мен экологиялық ортаға
тікелей қауіп төндіретін түрлі қоспалар жойылады, олар дренаж жүйесіне кері
әсер етеді және коллекторлардың бітелуіне әкеп соғады. Сондай-ақ, жоғары
температурадағы ағынды су кәріз желілерінің инженерлік конструкцияларына зияын
тигізеді, жағымсыз иіс пен улы қосылыстар пайда болады. Нәтижесінде апатты
жағдайларға әкеп соғады, мұның бәрі қоршаған ортаға зиян".
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің
балансындағы су бұру жүйелерінің тозу деңгейі 77 %-ға жеткенін ескерсек,
коллектордың қазіргі жағдайында зиянды заттардың шоғырлануының артуымен
өнеркәсіптік ағындардың кері әсері, тіпті, күрделі. Және қазірдің өзінде кәріз
желісінің бұзылуын жиілетіп, тоздырып отыр.
Ирина Казаринова
"Ағынды суды орталық кәрізге қабылдаудың
ережелері бар, онда нені және қандай мөлшерде төгуге болатыны және кәріз
коллекторларына нені төгуге болмайтыны туралы жазылған. Өндірісі бар
кәсіпорындардың тазарту қондырғылары болуы керек. Ал ағынды суды қабылдайтын
кәсіпорындар жергілікті тазарту қондырғыларын орнату үшін осы шарттардың
орындалуын талап етуі тиіс. Нормативтік құжаттарға сәйкес, осы талаптарды
орындамаған жағдайда белгілі бір шаралар көрілуі қажет".
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты