Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.05.2024
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары үй төраймдары мен БАҚ өкілдері үшін
ақпараттық-түсіндіру турын өткізді. Көше
комитеттері мен журналистерді Ақбай-Қарасу су тарту құрылыстарының жұмысымен таныстырды.
Тұтынушыларға қанша су өндірілетіні және оның қоры туралы айтылды. Су арнасының Бас директор орынбасары
Жанатбек Тұрдалиев халық саны 4 есе аз болса да, қала үшін су жеткіліксіз
болған қиын кезеңдерді еске салды.
Жантабек Тұрдалиев Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС Бас директорының
орынбасары
" 1998 жылы қалада бар жоғы 400 мың адам тұрған. Осы водозабор басқа
қалада 5 водозабор болған. Барлығы түгел істеп тұрғанда 3 этаждан су аспаған
екен. 2001 жылы. 1998 жылы әр үйге су есептеуіш құралы 5 пайыз болды. Бұл үрдіс
жыл сайын жалғаса келіп, 2002 жылы көрсеткіш 70 пайызға жетті. Сол кезде бір
адамға шаққандағы тәуліктік тұтыну 450 литрден 175 литрге дейін төмендеді. Халық
тиімділігін бірден түсінді.
Ақпараттық-түсіндіру турына Шымкент қаласы бойынша монополияға қарсы
департаментінің басшысы Кенжеболат Көшекбаев та қатысты. Табиғи монополияларды
реттеу департаменті кәсіпорынның жұмысына тікелей байланысты. Бұл мемлекеттік
органда тарифтер мен инвестициялық бағдарламалар бекітіледі.
Кенжеболат Көшекбаев. Шымкент қаласы
бойынша монополияға қарсы департаментінің басшысы
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС 5 жылдық инвестициялық бағдарламасы
бекітілген. Бағдарлама 2021 жылдан 2026 жылға дейін. Қазіргі таңда су саласына
9,200 миллиа́рд қарастырылған. 5 жылға. Бұл бағдарлама бойынша жыл
сайын есеп тапсырады. Инвестициялық
бағдарлама бекітіліп, ол бойынша да есеп тапсырылады.
Шараға қатысушыларға мегаполис үшін ауыз судың қалай өндірілетіні, қалалық
тарату желісіне кірер алдында қандай санитарлық тексеруден өтетіні таныстырылды.
Кәсіпорын қонақтарының ерекше қызығушылығын дезинфекциялау станциясы тудырды,
онда заманауи жабдықтың көмегімен ауыз суға Натрий гипохлориті су құбыры арқылы
тасымалданар алдында автоматты түрде қосылады.
Ләззат Тұлғаева үй төрайымы
«Өздеріңіз білесіздер Орталық Азияда
су өзекті мәселе. Құдайға шүкір, бізде Шымкентте су бар. Содан кейін әрбір
шымкенттік өзінен бастау керек. Өзіміз жөндеп қарасақ суға сонда өміріміз жақсы
болады. Су бәрімізге жетеді. Барлығын ыдыс-аяқты суды ағызып қоймай, ыдыста жууға шақырамын.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ақпараттық-түсіндіру турлары тоқсан
сайын өткізіледі. Үй төрайымдары кәсіпорынның жұмысымен, негізгі өндірістік
объектілердің функционалдығымен таныстырады және су құбыры мен кәріз желілерін
жаңарту және реконструкциялау жөніндегі инвестициялық бағдарламалардың
орындалуымен таныстырады. Кәсіпорын мамандары әрқашан
тұтынушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге дайын.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты