русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 05.02.2025

 

Құрметті тұтынушылар! Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін  дұрыс есептеулер жүргізу үшін,өз үйіңізге тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер беруіңіз қажет, бұл деректерді egov.kz.  порталынан жүктей аласыз. Бұдан әрі қарай осы алған  мәліметті  тұрғылықты жеріңіз  бойынша дилерлік учаскеге өткізесіз  немесе "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС  чат-бот телеграмы арқылы жіберуіңіз  қажет (сілтеме:wrm_bot). Сұрақтар туындап жатса  WhatsApp-қа хабарласыңыз:+77057581111. Егер тіркелген тұрғындар саны туралы мәліметтер жіберілмесе, тұтынылған сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін есептеулер "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС базасындағы деректерге сәйкес жүргізілетін болады.

Telegram платформасында онлайн режимде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС чат-ботына үйде тұратын тұрғындардың саны туралы мәліметті енгізу бойынша Нұсқаулық (сілтеме: wrm_bot)

Құрметті "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС тұтынушысы!

1) Сіздің үйіңізде тұратын тұрғындардың саны туралы дұрыс деректерді енгізу үшін чат-боттың негізгі мәзірінен: "тұрғындар саны" деген тұсты таңдаңыз.

2) Дербес деректерді өз еркіңізбен толтырғаныңыз туралы Сізге келісім беріледі. Мұқият қарап шығыңыз және жалғастыру үшін – "келісемін" деп, жалғастыру түймесін таңдаңыз.

3) Келесі кезекте - тұрғындардың санын бірыңғай цифрмен енгізіп, "Жалғастыру" батырмасын таңдау арқылы мәліметтерді енгізесіз.

4) Тұрғындар саны туралы деректерді растау үшін қажетті құжаттарды тіркеңіз. Бұл - egov.kz порталынан алынған тұрғындардың саны туралы ақпарат, және де, егер 14 жасқа дейінгі балалар тіркелмеген болса, олардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері. Талап етілетін форматтар: jpg, jpeg, png, pdf, xls, xlsx. Файлдарды "қағаз қыстырғыш"(скрепка) белгісі бар батырманың көмегімен бекітуіңіз керек.

5) құжаттарды тіркеу аяқталғаннан кейін "Аяқтау" батырмасын таңдаңыз. Тұрғындардың санын өзгерту үшін өтінім модераторға жіберіледі.

6) өтінім тексерілгеннен кейін, сізге чат-бот арқылы тексеру статусы туралы ақпарат жіберіледі.

Құрметті сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылар!  Сіздің тұрғын үйіңізде тіркелген адамдардың саны туралы мәліметтерді жіберген кезде, сіздердің кейбіреулеріңізге  дұрыс жіберілмеген мәліметтерге байланысты бас тартады. Біз сізге қандай құжаттарды тіркеу керек және сол құжаттарда не көрсетілуі керек екендігі туралы мағлұмат беруге тырысамыз. Тіркелген   тұрғындардың саны туралы мәліметтерді жіберген кезде 2 негізгі құжатты мәліметтердің өзін ( egov.kz мобильді нұсқадан  скриншот түсіру керек, онда мекен-жай мен тұрғындардың саны көрсетілген болуы керек) және тіркелмеген  14 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәліктерінің (метрикаларының) көшірмелері. Көшірмелер анық болу керек, бұлыңғыр болмауы керек. Чат-ботқа жіберудің қажеті жоқ: жеке куәлік, жылжымайтын мүлік туралы анықтама, балалардың фотосуреттері және басқа да маңызды емес құжаттар. Сонымен қатар, кейбір пайдаланушыларда бірнеше жылжымайтын мүлік бар, чат-бот арқылы мәліметтерді жіберген кезде, сіздің шотыңыз жеке шотқа (мекен-жайға) байланысты екеніне көз жеткізіңіз. Қарапайым ережелерді сақтаңыз,сонда  сіздің өтінішіңіз тез өңделеді! Біз мәліметтерді жіберу және оларды  egov.kz порталынан  жүктеу жөнінде  толық бейне нұсқау  жариялаймыз

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары