русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 02.10.2019

Бүгін Шымкент су арнасының ғимаратында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң өкілдері қаланың көше мен үй комитеттерінің төрағаларымен кезекті кездесуін өткізді. Мұндай кездесулер дәстүр бойынша тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Шымкенттіктер су арнасының қызметіне қатысты кез-келген сұрақтарын қоя алады.
Бұл жолы үй, көше комитеттерінің төрағаларымен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев, кәсіпорынның заң бөлімінің басшысы Кеңес Әлібаев, қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Орынбек Әлімқұлов, орталық диспетчерлік қызмет басшысы Арман Болатбеков және қызметтерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері бөлімінің басшысы Нұралы Бекбаев кездесті.
Заңгер Кеңес Әлібаев 2019 жылдың 19 шілдесінен бастап күшіне енген жаңа үлгі келісімшартының ерекшеліктерімен таныстырды. Онда тараптардың құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Атап айтқанда, көпқабатты ғимарат тұрғындарының үй ішіндегі желілер үшін ұжымдық жауапкершілігі егжей-тегжейлі көрсетілген.
Орталық диспетчерлік қызмет басшысы кіріс сұраныстары қалай тіркелетіндігі және бақыланатындығы туралы әңгімеледі. Мұнда арнайы электронды қосымшалар бар, соның арқасында жылжымалы жөндеу бригадаларының қозғалысы қадағаланады, жөндеу жұмыстарының бейнежазбасы жасалады. Барлығы өте қатаң бақылауда. Орынбек Әлімқұлов пеня, техқызмет үшін және басқа да төлемдер туралы түсіндірме берді.
Кездесуде қатысушыларға «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің жаңа сайты ұсынылды. Бөлім басшысы Нұралы Бекбаев порталдың негізгі функционалдық ерекшеліктері туралы айтты. Пайдаланушының жеке кабинетінің арқасында абонент өзінің ағымдағы шоты туралы ақпарат ала алады, түбіртекті басып шығарып, төлем жасай алады. Сонымен қатар, сайтта Қазақстандағы және әлемдегі ауыз су туралы барлық ақпарат бар. Сайтта кез-келген адам сұрақ қойып, жедел жауап ала алады. Және Шымкент қаласының тұрғындары жазатайым оқиғалар туралы порталда хабарлап, су арнасының басшылығымен кездесуіне болады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев үй комитеттерінің төрағаларынан жаңа сайтқа тіркеліп, сынақтан өткізуді өтінді.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары