Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.10.2019
Су арнасы – бұл үлкен механизм, соның арқасында шымкенттіктердің үйлерінде тәулік бойы таза су ағады. Жыл сайын тұтынушылар саны өсуде, желілер көбейіп жүктеме артып келеді, бұл уақытша проблемаларды тудырады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң басшылығы мұны жақсы біледі, сондықтан мекеме тұрғындардың шағымдарына жауап беруге және мәселелерді шешуге дайын. Тұтынушымен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің бірі – әлеуметтік желілерде тікелей эфирлерді өткізу. Қазан айының соңында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і әлеуметтік желілерде «Өз сұрағыңды қой» акциясын бастады. Үш күннің ішінде шымкенттіктерден 30-дан астам сұрақ түсті. Олардың аз бөлігінің сумен жабдықтау қызметімен ешқандай байланысы жоқ, ал ең өзекті мәселе болып судың әлсіз қысымы табылды. Мәселені шешу бойынша «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары Қазыбек Сариев сөз сөйледі. Екі күн бойы су арнасының мамандары төмен қысым бойынша шағымданған мекен-жайларды қарап шықты (байланыс мәліметтерін ұсынған абоненттер тексерілді). Бірнеше жағдайда араластырғыш сүзгілеріндегі бітелу қысымның нашарлауына себеп болған. Бұл проблема ескі темір құбырларымен байланысты, олардың қабырғалары коррозияны тудырады. Абай даңғылында бес қабатты үйде қысым төмен. Осы үйдің айналасында ескі екі қабатты тұрғын үйлер мен су желілері орналасқан, бұл желілер осы екі қабатты үйлерге арналған. Мәселені шешу үшін желілерге қосымша қосылыс жасалады, бұл мәселе бір апта ішінде шешілуі керек. Қысымға байланысты проблема туындаған жағдайда Қазыбек Сариев су арнасының орталық диспетчерлік бөліміне 321-274 телефоны арқылы хабарласуды ұсынды. Шағым міндетті түрде қаралады! Тікелей эфирге келетін болсақ, олар апта сайын бейсенбі күні сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін өтеді. Келесі эфирдің тақырыбы – есептеулер мен жалпы үйдегі су шығындары, желілердің техникалық күтімі . Facebook және Instagram желілерінде су арнасына өз сұрақтарыңызды қойыңыздар.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты