Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 28.01.2020
Экология министрлігі 2019 жылды қорытындылады
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде 2019 жылдың қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жетекшілік ететін салалар бойынша Министрліктің вице-министрлері баяндамалар жасады.
Атап айтқанда, вице-министр Ахметжан Пірімқұлов ел өңірлеріндегі өзекті экологиялық проблемалар туралы айтты. Оның айтуынша, 2019 жылы атмосферадағы ластаушы заттардың мөлшері 2,4 млн тоннаны құрады. Шығарындылардың негізгі үлесі Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына келеді.
Қоршаған ортаға эмиссиялардың ең көп мөлшері Павлодар облысында – жылына 717 мың тонна шығарындылар. Өңірдің экологиялық проблемаларын шешу үшін облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының қол жетімді ең жақсы технологияларды міндетті түрде енгізуге қойылатын талаптарды қатайту жоспарлануда. Экологиялық іс-шаралар жоспары қайта қаралып, аймақтағы мемлекеттік экологиялық бақылау күшейтіледі.
Қарағанды облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне нақты шығарындыларды 2024 жылға дейін 30%-ға төмендету үшін министрлік пен «Арселор Миталл Теміртау» арасында жасалған меморандум шарттарының орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз ету жүктелді.
Атырау облысында Атырау мұнай өңдеу зауытының қалдықтарын жинайтын «Тухлая Балка» жинағышын қалпына келтіру жоспарын қайта қарап, әкімдікке оны тезірек іске асыруға кірісу ұсынылды. Сонымен қатар, вице-министр Атырау облысының әкімдігі ҚТҚ полигонына жер бөлуді және тиісті жобалық-сметалық құжаттаманы тезірек әзірлеуді қамтамасыз етуі керек екенін хабарлады.
Сондай-ақ, А.Пірімкулов бүкіл елдегі қатты тұрмыстық қалдықтар туралы ақпарат берді.Қазіргі уақытта елдің 3,2 мың полигонында 120 миллион тоннадан астам ҚТҚ жинақталған. Еліміздегі толып жатқан полигондар саны, тек облыс орталықтарында, 20-дан асады. Қалдықтардың жиналуын азайту мақсатында министрлік «Waste to Energy» атты энергиялық қалдықтар механизмін енгізуді жоспарлап отыр. «Біз осы жобаларды жүзеге асыруға жеке инвесторларды тартуды жоспарлап отырмыз. Министрлік тиісті заң жобасын жасайды. Биыл біз бірінші аукциондар өткізгіміз келеді», - деді А. Пірімкулов. Вице-министр сонымен қатар биыл министрлік қоршаған орта сапасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін бірқатар шаралар кешенін орындау сапасына мониторинг жүргізетінін айтты. Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдарының аталған көрсеткіштерге сәйкестігі үшін жеке жауапкершіліктерін енгізу ұсынылды, бұл әкімнің рейтингіне де әсер етеді.
Министрлік бірқатар экологиялық нормаларды Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа Экологиялық кодекстің жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынғаны белгілі.
Геология саласындағы жұмыс нәтижелері туралы вице-министр Санжар Жаркешов баяндама жасады. Ол министрлік 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді бастағанын еске салды. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 2025 жылға қарай аумақты зерттеуді қазіргі 25%-дан 37%-ға дейін арттырады. Сондай-ақ, ол 2019 жылы Түркістан облысының аудандары мен Қаратау тауларында қорғасын мен мырыш іздеуді алғаш рет жүргізгенде мұнай көріністері табылғанын еске салды.
Вице-министр Сергей Громов су шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар, топтық су құбырларын салу және қайта құру туралы айтты
Алқа жұмысының қорытындылары бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев көтерілген проблемалар бойынша бірқатар тапсырмалар берді, басқарманың 2020 жылға арналған жұмысындағы басымдықтарды атады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты