Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.02.2020
Біз шағымдарға жауап береміз
Бір жылдан астам уақыттан бері Шымкент су арнасы өзінің тұтынушыларымен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жасауда. Компания барлық келіп түскен өтініштер мен шағымдарға жауап береді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң орталық диспетчерлік қызметі (ОДҚ) тәулік бойы жұмыс істейді. Көп жағдайда абоненттерден келіп түскен шағымдар ОДҚ-ға жіберіледі. Жұмысқа дилерлік ұйымдар мен халықпен жұмыс жүргізетін қызметтердің жұмысшылары тартылады. Қала тұрғындары айтқан барлық мәселелер толығымен шешіліп жатыр!
Бізге судың ағып кетуі және құдықтардағы сынған қақпақтар туралы жазатын қамқор адамдарға алғысымызды білдіреміз. Бұл проблемалар 1-2 сағат ішінде шешіледі. Су арнасының мыңдаған абоненттері біздің сөздерімізді растай алатынына сенімдіміз.
Дегенмен,тұтынушыларда судың ағып кетуі, проблемалық жерлер, сынған люктер туралы ақпаратты тікелей диспетчерлік бақылау бөліміне емес, әлеуметтік желілерге немесе бұқаралық ақпарат құралдарына тастау үрдісі бар. Осындай ақпараттарды анықтағаннан кейін ғана біз әрекет ете бастаймыз. Осылайша, төтенше жағдайларды жою үшін құнды уақыт жоғалады.
Еске сала өтейік, орталық диспетчерлік қызметтің телефон нөмірі: 8 (7252) 321-274, вацап: +7 708 110 21 21. Сіз әлеуметтік желілер фейсбук пен инстаграмға жаза аласыз, және +7 705 758 11 11 вацап нөміріне жаза аласыз. Су мен уақытты үнемдеңіздер!
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты