Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 19.02.2020
Егер сатып алынған тауар сапасыз болса ....
Егер сатып алынған тауар сапасыз болып табылса және бұл кемшіліктер туралы сатушы ескертпесе, сатып алушы өз таңдауы бойынша келесіні талап етуге құқылы:
• құнын сәйкесінше төмендету;
• тауарлардағы ақауды өтеусіз жою;
• тауарлардағы ақауларды жоюға кеткен шығындарды өтеу (оларды чек арқылы растау қажет);
• сол маркалы (модель, артикул) тауарға немесе басқа маркалы (шығындарды қайта қарастыруымен) тауарға ауыстыру);
• тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару.
Заңға сәйкес, сатушы (өндіруші) тауар сатып алынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жарамдылық мерзімі өткен сатылған тауарларды, техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды, зияткерлік меншік құқығын бұза отырып шығарылған тауарларды олардың қолданылуына, ұсынылуына, тұтынушылық қасиеттеріне, пломбаларына, жапсырмаларына қарамастан тұтынушыға сатып алынған тауар үшін төленген соманы қайтаруымен қоса алмастырылуын немесе қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бас тарту жағдайында тұтынушы сотқа дейінгі талап-арыз бере алады. Егер реакция талап 10 күн ішінде орындалмаса, сотқа талап арыз берілуі керек.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты