русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

БАҚ-ң су арнасы туралы - СУДЫ ҮНЕМДЕГЕНДЕРГЕ СЫЙАҚЫ БЕРМЕКШI

02.07.2019 мақаласы

немесе СМС хабарлар сізге нені ескертеді?

«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС «Мен суды қалай үнемдеймін...» атты байқау жариялап отыр. Байқау жеңімпаздарына беретін қомақты сыйақысы да бар. Әр номинация бойынша бірінші орындардың өзі бірнешеу. Оны иеленгендер 100 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сыйақы алады.

Қазақ «судың да сұрауы бар» деу арқылы ысырапшылдыққа жол бермеуді насихаттаған. Байқауды ұйымдастырушылар осы қағиданы тұтынушылар өмірлік ұстанымдарына айналдырса деген ниетте. Алдымен бәйге жариялап қызықтырып көрмек. Біртіндеп ел саналы түрде суды үнемдеуге көшсе дейді. Құптарлық іс.

Мамандардың айтуынша, әлемде таза су қоры жыл өткен сайын азайып барады. Оған түрлі адами, табиғи факторлар әсер етуде. Шымкентте бір литр су – 8,7 тиын (ҚҚС-сыз). Газдалмаған минералды судың бір литрі 150 теңгеден сатылады. Таза ауызсуға жарымай отырған ауылдар қаншама. Бәрі де сол су тапшылығынан, оны өндіруге жұмсалатын күштің қымбаттығынан. Олай болса, бардың құнын білу, қадіріне жету қажет. Ысырапшылдыққа жол бермеу берекенің бастауы болмақ.

Сонымен, «Су ресурстары – Маркетинг» компаниясының бәйгесін ұтып алғыңыз келсе, «Мен суды қалай үнемдеймін...» байқауына қатысыңыз. Байқау ақпанның бірінен басталады. Тұтынушылар өз пәтеріндегі (үйіндегі) суды қалай үнемдейтіндігі туралы ақпаратты ұялы телефонға түсіріп 8 771 869 00 19 WhatsApp нөміріне жолдауға болады. Немесе «Facebook» мессенджеріндегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің ресми парағына, сондай-ақ wrmshymkent2018@gmail.com электронды поштаға жіберу қажет.

Байқау «Пәтердегі суды үнемдеу жолдары», «Жеке үйде (саяжай, бақшамен қоса) суды үнемдеу» және «Суды үнемдеу және суды тұтыну туралы әлеуметтік бейнеролик» номинациялары бойынша қорытындыланады. Жеңімпаздар мамырдың 15-і мен қыркүйектің 16-сы аралығында (әр номинация бойынша әр кезеңде) анықталады.

Айтпақшы, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС өз тұтынушыларына қолайлы жағдай жасау үшін тағы бір жаңалықты жүзеге асыруда. Ол – СМС хабарламалар жөнелту қызметі.

Сонымен, бұдан былай монополист компания жөндеу жұмыстарына байланысты суды жоспарлы түрде өшіргені туралы сізге СМС хабарлама жібереді.

Екіншісі – жеке су есептегіш құралын тексеру уақыты туралы есіңізге салып тұратын СМС-тер.
Үшіншісі – абонентте кем дегенде үш айға дейін дебиторлық қарызы болса, оған СМС хабарлама келеді.

Қазір тұтынушылар тізімінің 90 пайызға жуығы қайта жасақталып, телефон нөмірлері арнайы диспетчерлік базаға тіркелуде. Нөмірлері ауысқандарын анықтау жұмыстары жүруде. Олай болса, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ден телефоныңызға хабарлама келіп тұрса таң қалмаңыз. Ол жоғарыда айтып өткендей үш түрлі жағдайға байланысты сізге ескерту жасап тұрғаны.

Ж.ЖАЙЛАУБЕКҚЫЗЫ.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары