Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 22.02.2023
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы өңірлерді дамытуға баса мән беріп отырғанын, соған байланысты депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын айтты.
Отырыс кезінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңсіздіктерді азайту, олардың қаржылық дербестігін арттыру және урбандалу, ауылдарды дамыту, өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері сөз болды. Мұның бәрі Президент Жолдауында белгіленген нақты міндеттер екені белгілі. Іс-шараға қатысушылар өңірлерді дамыту мәселесі Сенат жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі екеніне тоқталды. Депутаттық топтың отырысында өңірлік дамуға қатысты бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Атап айтқанда, ауыл халқын сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету, олардың инфрақұрылымдық дамуына жағдай жасау және тағы басқа маңызды мәселелер талқыланды.
Мысалы, Ақтау және Жезқазған сияқты қалаларда суды тазарту жүйесі тозып тұр, соның салдарынан жерасты көздерінен су тарту мүмкін болмай отыр. Ауылдарды сумен қамту, тіпті, қиын жағдайда. 10 өңірдің (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Жетісу және Абай) ауылдарында ауыз суға қол жеткізу көрсеткіші республика бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
Талдау жасалғанда анықталғаны, сумен жабдықтау және кәріз проблемалары елді мекендерді ауыз сумен қамту бірыңғай жүйесінің заңындағы ведомстволық бөлінуді "елдімекенде" және "елдімекеннен тыс жерлерде"нормаларына бөлу керек. Бұл өзара су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешенін ажырату керектігін білдіреді.
Сондай-ақ, өзекті мәселелердің бірі - ауылдарда жауап беретін мекемелердің жоқтығы және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының мүшкіл күйі. Нәтижесінде салынған су құбыры желілері әкімдер аппараттарының теңгерімінде қалады, не өздерінің тікелей міндеттемелерін орындамайтын бейімделмеген кәсіпорындарға, ұйымдарға сенімгерлік басқаруға беріледі.
– Осыны ескере отырып, қысқа мерзімде пайдаланушы ұйымдар қызметінің оңтайлы тетігін анықтау керек деп есептейміз. Атап айтқанда, оларды бәсекелестік ортаға беру арқылы немесе қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар жанынан бюджет қаражаты есебінен жасақталған пайдаланушы топтар құру арқылы шешу керек, дейді депутаттар.
Жағдайды толық білу үшін өңірлерде, әсіресе ауылдық елді мекендерде су құбыры желілерін түгендеу жүргізу қажет.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты