русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 19.01.2020

Суару жүйесін жандандыру
Суару жүйесінің жандануы қалада жаңбыр суларына арналған кәріз жүйесін салу қажеттілігімен тікелей байланысты. Оның жоқтығынан су арнасының тазарту құрылғылары мен кәріз желілері зардап шегуде. Жауын-шашын кезінде қалалық кәріз жүйесіне барлық сулар ағады, ол бітеліп, істен шығады, нәтижесінде кәсіпорынның ағынды суларды тазартуға шығындары артады.
«Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан осы проблемаларға назар аударуды, орталықтандырылған суару жүйесін қалпына келтіруді, тұрмыстық ағынды суларды төгуге арналған кәріз жүйесімен қатар болуға тиіс нөсерлі кәріз жүйесін жобалауды бірнеше рет сұрадық», - дейді Анарбек Орман, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы. - Нөсерлік және кәріз жүйелері – екі параллельді жүйе, олар түзу сызықтар сияқты қиылыспауы керек. Олардың әрқайсысының өз міндеті және өзіндік функциясы бар.
Кәсіби су маманын ирригация жоқтығынан күзгі-қысқы және көктемгі кезеңдерде қала көшелерінен Шымкенттің кәріз жүйесіне күн сайын 15-тен 40 мың текше метрге дейін әртүрлі лас су ағып кетуі алаңдатады. Бұл үлкен көлем. Салыстыру үшін: тұтынушылардың ағынды суы шамамен 110 мың текше метрге жетеді.
«Нөсер суы біз үшін үлкен проблема», - деп шағымданады Рахымжан Шамсутдинов, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары-бас инженері. - Арықтар каналдарға су құюы керек. Бұл осылай болуға тиіс. Әйтпесе, олар толған кезде су тасып, автоматты түрде кәріз жүйесіне люктер арқылы құйылады, люктар пайдалану талаптарына сәйкес газдардың жиналуын болдырмас үшін герметикалық түрде жабылмауы тиіс».
Сарапшылардың айтуынша, жаңбыр немесе қардың еруі кезінде желіге шамадан тыс жүктеме жақсылыққа апармайды. Мәселе Шымкентте сору жүйесі емес, өз бетімен ағатын кәріз жүйесі, яғни үдеткіш сорғы станциялары жоқ. Желілер жердің рельефіне сай жүргізілген. Сондықтан , оларды көлемнің үштен екі бөлігінен артық толтыруға болмайды. Құбырдың қалған бөлігі бос болуы керек, әйтпесе ағынды сулар, мысалы, көпқабатты үйлердің, жүйеге ағып кете алмайды, өйткені еркін ағу болмағандықтан артқы сулар жиналады, пайдалану бұзылады, шайынды сулар жертөлелерге мен сыртқа төгілуі мүмкін. Олай болған кезде, аулалардан, жолдардан және тротуарлардан қауіпті инфекциялар көзі болып табылатын нәжіс ағып кетеді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де барлық проблемалық бағыттар белгілі. Мәселен, жаңбыр кезінде бүкіл Қазыбек би көшесі суға толады, одан өту мүмкін емес. Әдеттегідей Рысқұлов көшесінің Еуразия базарының тұсы, Аймауытов көшесі суға батады. Су тасқыны екі үлкен көшенің – Дулати мен Рысқұловтың қиылысында пайда болды. Судан өте алмағандықтан адамдар жиналған жауын-шашынды ағызып жіберу үшін кәріз құдықтарын ашады.
Л.Добротаның «Плавают» улицы, «тонут» дома» атты мақаласы негізінде (Казахстанская правда, 13.01.2020, №7)

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары