русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 23.02.2021

БАРЛЫҒЫ ҮШІН ШЫҒЫН! НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Жалпы-үй шығындары - бұл жалпы-үй есептегішінің көрсеткіштері мен жеке үйдің су есептегіштерінің арасындағы айырмашылық. Бұл шығындар үй тұрғындарының есебінен өтеледі, өйткені, ішкі желілер үшін мүлік иелері жауап береді. Шығындар пәтерлер арасында, осы пәтердің тұрғындары тұтынатын су мөлшеріне пропорционалды түрде бөлінеді.
Әрине, үйдің жалпы шығындары үшін қосымша есепшоттар түскен кезде, көп қабатты тұрғындардың көпшілігі оны ұнатпайды. Адамдар орынды сұрақ қояды: «Неліктен жертөледегі судың ағып кетуіне мен ақы төлеуім керек?». Еске сала кетейік, ішкі желілер ғимарат тұрғындарының ортақ меншігі болып табылады және олар олардың жағдайын бақылауға міндетті.
Жағдайды сумен жабдықтау ұйымынан арнайы комиссия шақыру арқылы түзетуге болады. Оның құрамына «Су Ресурстары-Маркетингі» ЖШС өкілдері, дилерлік компания, суды өлшеу цехы және үй тұрғындары кіреді. Судың не себепті ағып кеткенін анықтау үшін, зерттеулер жүргізіледі. Сондықтан, суға байланысты шығын болған жағдайда, мәселені шешу үшін, кәсіпорын өкілдерімен байланысқаныңыз дұрыс.
Кейбір абоненттер жеке үйдегі су есептеу құралдары мен жалпы-үйдегі су есептегіштерінің көрсеткіштері бір уақытта жасалмайды деп санайды. Енді, бірнеше түсініктеме берейік. Біріншіден, көрсеткіштерді, жалпы үйдегі суды өлшеу құралдарынан су есептегіш шеберханасының өкілдері, ал жекелеген су есептегіш қондырғылардан дилерлік орталықтардың бақылаушылары жазады. Процедура тараптар келіскен арнайы кесте бойынша бір күнде өтеді. Деректер «Су Ресурстары-Маркетингі» ЖШС-нің электронды базасына тікелей енгізіледі, одан әрі есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
Егер су есептегіштер пәтерлердің ішінде орналасқан болса, онда көрсеткіштерді алу бірнеше күнге созылуы мүмкін. Виртуалды көмекшілерді (Telegram және WhatsApp қосымшаларындағы чот-боттар) енгізгеннің өзінде, барлық тұрғындар көрсеткіштерін жібере бермейді.
Мұндай жағдайларда, шығындарды болдырмау үшін, жалпы-үйдің сумен жабдықтау желілерін есептеу құралдарын алып тастап, жаңарту ұсынылады. Оның көптеген артықшылықтары бар: желі жаңартылады, көрсеткіштерді алуға ыңғайлы, су кеткен жағдайда, әр абоненттің суын жеке өшіруге мүмкіндік болады. Тұрғындар осы кәсіппен айналысатын мердігерді өз бетінше таңдауға құқылы, басты шарт - мердігердің лицензиясы болуы шарт.
Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге әлеуметтік желілер арқылы жазып немесе қоңырау шалсаңыз болады: +77057581111 (whatsapp).

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары